USD
USD
USD

БҚО-да белгісіз себептермен ақбөкендер қырылып жатыр

Бұл туралы  «Хабар 24» хабарлады.

БҚО-да белгісіз себептермен ақбөкендер қырылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Киіктердің өлекселерін БҚО-ға қарасты Жәнібек ауданындағы "Охотзоопром" мекемесінің қызметкерлері тапқан. Тиісті сынамалар алынып, жануарлардың өлекселері жойылды. 

“13 қазанда инспекторлар жүргізген рейд барысында өлі киіктерді анықтады. Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары, жергілікті полиция қызметі және ветеринария мамандарымен бірлесе отырып, ақбөкен өлекселерінің ішкі органдарынан зерттеуге сынама алынды. Нәтижесін сараптамадан кейін айтамыз”, – деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев. 

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов