USD
USD
USD

БҚО-да әйелі мен баласын қарумен қорқытқан ер адам ұсталды

БҚО полицейлері әйелі мен баласын қарумен қорқытқан азаматты құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО-да әйелі мен баласын қарумен қорқытқан ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы жылы желтоқсанның 17-не қараған түні Бөрлі ауданының полиция бөліміне әйел адам жүгініп, оның жолдасы дүкеніне келіп, қарумен қорқытқаны туралы хабар берді. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қаласындағы дүкендердің бірінде ер адам қолындағы қаруымен 44 жастағы әйелі мен 20 жастағы ұлын қорқытқанын анықтады.

Қолданылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленушінің 52 жастағы жұбайын күдікті ретінде ұстады.

Сараптама нәтижесі бойынша ол "орта дәрежедегі" мас күйде болғаны белгілі болды. Күдіктіден қару тәркіленіп алынды. Аталған факті бойынша БҚО ПД Бөрлі ауданы ПБ-мен ҚР ҚК-нің 115-бабына (Қорқыту) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Анықталғандай, олар ажырасу үстінде болғаны белгілі болды. Күдіктінің айтуынша, мұндай жағдайға баруына әйелінің оның атына бірнеше несие ресімдегені себеп болған. Әйелді күдіктіден қорғайтын қорғау нұсқамасын шығару үшін материалдар сотқа жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар