2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

БҚО-да 7 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында 7 медицина қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталды. 

БҚО-да 7 медицина қызметкері COVID-19 жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "7 медицина қызметкері карантин стационарына жатқызылды. Олар вирус жұқтырған науқастармен байланыста болған. Тексеріс барысында медицина қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Бүгінде олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", - дейді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірде 36 медицина қызметкері COVID-19 вирусын жұқтырғанын атап өтті. Оның екеуі вирустан айығып, стационардан шығарылыпты.

"БҚО-да 7 дәрігер, 12 медбике, 12 санитар, 4 сатушы, 1 дезинфектор коронавирус жұқтырған. 20 науқаста аурудың симптомы жеңіл өтіп жатыр, ал 14 науқастың жағдайы орташа ауыр", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 186 адам індет жұқтырған, 31 науқас ауруханадан шығарылған.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур