USD
USD
USD

БҚО-да 100-ден астам адам карантинде жатыр

 Батыс Қазақстан облысында 100-ден астам адам карантинде жатыр.

БҚО-да 100-ден астам адам карантинде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, барлығы стационарда 117 адам болса, соның жетеуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделуде. Сондай-ақ провизорлық стационарда 51, карантиндік бөлімшеде 59 адам бақылануда.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлім еткеніндей, 11 сәуір күні коронавирус табылған азамат Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін БҚО-ның 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекеттен өткен кезде аталған тұрғыннан жөтелу және тұмаурату белгілері анықталған.

Ол сол бойда провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирус табылғаннан кейін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы бақылауға алынды.  

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu