БҚО: Өткен аптада вирустан 6 адам көз жұмды
Атап айтқанда, қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, сәуірде – 41, мамырда – 57, маусымда – 60, шілдеде – 144, тамызда – 139, қыркүйекте – 90, қазанда – 46, қарашада 10 науқас дүние салды.
Басқарма мәліметіне қарағанда, індет басталғаннан бері өңірде 39 411 науқас тіркеліп, соның 36 169-ы жазылып шықты.
Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 22 пайызға (56 науқасқа) кеміді.
Жыл басынан бері 30 190 адам коронавирус жұқтырса, соның 2962-сі – балалар. Солардың 2930-ы емделіп шықса, 32-сі сауығу үстінде.
Оқу жылы басталғаннан бері 843 оқушыдан індет табылды. Қазіргі кезде 1 мектепте 1 сынып карантинге жабылды.
Облыстағы ірі кәсіпорындар ішінен Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясынан жыл басынан бері 273, Чинарев кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-дан 66 жұмысшы-қызметкерден коронавирус анықталды.
Күні бүгін облыста 458 пациент амбулаторлық, 138 науқас стационарлық ем алып жатыр. Соның ішінде 11-і ауыр халде.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 8, оттегі
концентраторына 3 науқас қосылған.
«Облыс бойынша 243 559 адам (егілуге тиісті тұрғындарды 58,8 пайызы) вакцинаның бірінші, 223 313-і (53,9 пайызы) екінші компонентімен егілді. Күні бүгін өңірде 85 021 доза І,
105 267 доза ІІ компонент бар», деп хабарлады ведомстводан.
Қазір оқып жатыр
Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»
«Ақ үйде досыңыз бар деп айта аламын»: Тоқаев Трамптың арнайы өкілімен кездесті
2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттеме орындалды – Мәди Такиев
Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігіне шағымданып Тоқаевтан көмек сұрады