Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

БҚО: Қараша айында 23 бала вирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында қараша айы басталғаннан бері 23 бала коронавирус жұқтырған.

БҚО: Қараша айында 23 бала вирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл індеттің балалар арасында да күрт көбейіп отырғанын көрсетеді.

Бұдан бұрын қыркүйек айында 4, қазанда 5 баланың ауырғаны тіркелген болатын.

Облыста соңғы аптада 237 адам дерт жұқтырған. Соңғы тәулікте 45 адамның сырқаттанғаны белгілі болды. Облыста індет басталғаннан бері 7274 адам ауырса, соның 6898-і жазылып шықты.

121 адам қайтыс болды.

Қазіргі таңда пневмонияға шалдыққан 150 адам емделуде. Жұқпалы аурулар ауруханасында 115, карантиндік стационарда 35, жансақтау бөлімінде 10 адам жатыр.

Облыста резервте 2044 орын әзір.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz