USD
USD
USD

БҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Арман Өтеғұлов БҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

БҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Арман Кәрімұлы 1964 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.

Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін мал дәрігері, экономика бакалавры, экономика ғылымдарының магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары, Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, БҚО әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болды. 2020 жылдан бастап Теректі ауданының әкімі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы