USD
USD
USD

БҚО: 40 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды

Батыс Қазақстан облысында 40 244 адам тұмауға қарсы екпе салдырды.

БҚО: 40 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың мәлім еткеніндей, соның тең жартысынан астамы, яғни 21 590-ы - созылмалы сырқаты бар адамдар.

Егілгендердің 34 584-і ересек адамдар болса, 5660-ы - 14 жасқа дейінгі балалар.

Соның ішінде 5320 медицина қызметкері, 856 жүкті әйел бар. Сондай-ақ 1020-сы - 15 жастан асқан оқушылар. Жабық мекемелерде (бөбектер үйі, балалар үйі, мектеп-интернат, мүгедек балаларға арналған интернат) 72, мүгедектер мен қарттар үйінде 1262 адам егілді.

«Вакцинация - тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі. Сондықтан жыл сайын облыста тұрғындардың 10 пайыздан астамы тұмауға қарсы екпе алады. Жоспарлы егу жұмыстары жалғасуда», - деді Н.Мұстаев.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік