USD
USD
USD

БҚО шекарасынан құжатсыз 5 тонна шошқа етін өткізбек болғандар ұсталды

Ресей Федерациясынан шошқа етін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті. 

Шошқа еті
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Сырым» ветеринариялық бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлескен тексеру барысында Ресей Федерациясының Белгород облысынан Қазақстан Республикасының Алматы қаласына бағытталған DAF маркалы жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде 5 тонна шошқа еті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз заңсыз тасымалданғаны анықталды.

«Ветеринариялық-санитариялық заңнама талаптарының бұзылуына байланысты жүк көлігі кері қайтарылды. Ал жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген комитет таратқан ақпаратта.

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ветеринариялық бақылау пункттерінде 129 құқықбұзушылық тіркелді. 129 автокөлік ел аумағынан шығарылып, 76 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 6 448 480 теңге.

Қазір оқып жатыр

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев

Қазақстан Теңіз үшін тартысты жалғастыра ма?

Теңізшевройл