USD
USD
USD

БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі 35 шақырымға жеткен

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым – Маштаково» өткізу бекетінде жүк көліктерінің ұзын-сонар кептелісі пайда болды.

"Сырым-Машкатово" өткізу бекеті
Фото: mgorod.kz

Астана, NEGE. Жүргізушілер аптап ыстықта сағаттап тұруға мәжбүр болғанын және жағдай күрделі екенін айтып шағымданды, деп жазады «Мой город» басылымы.

21 маусымнан бері, жүргізушілердің айтуынша, кептеліс ұзындығы 35 шақырымға жеткен.

«Мен 21 маусым күні сағат 14:50-де келдім, міне, екінші тәулік тұрмын. Содан бері небәрі 15 шақырым ғана жүрдім. Шекараға дейін әлі 10 шақырымдай жол қалды, демек, тағы бір тәуліктен артық күтуім мүмкін. Неліктен сонша ұзақ күтіп тұрғанымызды, бізді неге ешкім ойламайтынын түсіне алмаймыз», – деді жүргізушілердің бірі.

Жүргізушілердің жол бойында тамақтанатын орын да, ауыз су да, дәретханалар да жоқ екенін айтуда.

 ҰҚК Шекара қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстаннан шығатын бағытта көліктердің шамадан тыс жиналуына үш негізгі себеп әсер еткен:

  • Маусымдық жүк тасымалы: ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау;
  • Халық тұтынатын тауарлар транзиті көлемінің артуы;

Сондай-ақ «Сырым» өткізу бекетіндегі жаңғырту жұмыстарына байланысты қозғалыс жолақтарының саны азайып, көліктерді өткізу мүмкіндігі шектелген.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек