USD
USD
USD

БҚО-дағы аурухана қатерлі ісікке шалдыққан науқастың отбасына 1,4 млн теңге өтемақы төлемек

Батыс Қазақстан облысында сот Байтерек аудандық №2 ауруханасын сапасыз медициналық көмек көрсеткені үшін қайтыс болған науқастың жұбайы мен ұлына жалпы 1,4 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Науқас
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Сот материалдарына сәйкес, ер адам 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың 15 тамызына дейін Байтерек аудандық №2 ауруханасының бақылауында болған. Тексеру барысында дәрігерлердің медициналық көмек көрсету кезінде бірқатар талаптарды сақтамағаны анықталған.

Атап айтқанда, жалпы тәжірибелік дәрігер зертханалық талдау нәтижелерін дер кезінде бағаламаған. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен диагностика және емдеу хаттамалары толық орындалмай, науқас гастроэнтеролог, инфекционист, гепатолог, хирург және травматолог секілді бейінді мамандарға уақытылы жіберілмеген. Патогистологиялық қорытынды алынғаннан кейін де онкологқа жолдама кеш берілген. Кейін науқас онкологиялық аурудан көз жұмған.

Аурухана өкілдері талап-арызбен келіспей, медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін және дәрігерлердің әрекеті мен аурудың өршуі арасында себеп-салдарлық байланыс болмағанын мәлімдеген. 

Алайда сот Байтерек аудандық №2 ауруханасы сапасыз медициналық көмек көрсеткенін анықтап, марқұмның туыстарына моральдық зиян келтіргенін мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 921-бабына сәйкес, медицина қызметкерлері жіберген заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік медициналық ұйымға жүктелді.

«Сот талап қоюшылардың ең жақын адамы – жары мен әкесінен айырылуына байланысты ауыр моральдық күйзеліске ұшырағанын ескере отырып, моральдық зиянды өтеу туралы талапты ішінара қанағаттандыру қажет деп тапты. Сот шешімімен талапкерлердің әрқайсысының пайдасына 700 мың теңгеден өндіріп алу туралы қаулы шығарылды. Әзірге бұл шешім заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты сот марқұмның жұбайы мен ұлының әрқайсысына 700 мың теңгеден, жалпы 1,4 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы шешім шығарды. Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

.

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

ү

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG