USD
USD
USD

БҚО-да жеке тұрғын үйден өрт шығып, 5 бала қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы орталығы Жымпиты ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 5 бала қаза тапты.

Тжм
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Өрт сөндірушілер хабар түскеннен соң 5 минуттан кейін жеткен. 30 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаз отқа ранған.

Құтқарушылар бес баланы ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізгенімен, оларды аман алып қала алмады. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар көмірқышқыл газына уланған.

Өрт толықтай сөндірілді.

Көз жұмған балалардың отбасы жалдамалы үйде тұрған. Әкесі — жергілікті Мәдениет үйінде шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейді, ал анасы — дүкенде сатушы.

Қайғылы жағдай болған сәтте екеуі де жұмыста болған. Үйде тек балалар қалған.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған