USD
USD
USD

БҚО-да тағы да пилотсыз ұшатын аппараттың бөлшектері табылды

Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шектесетін Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшатын құрылғының сынықтары табылғаны жөнінде дерек тіркелді.

Ұшу аппараты
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Жәнібек ауданы әкімдігінен мәлім еткеніндей, оқиға 24 наурыз күні Ұзынкөл ауылдық округі аумағында болды.

Ауыл тұрғыны елді мекеннен шамамен 8 шақырым қашықтықта белгісіз ұшқышсыз ұшатын құрылғы бөлшектерінің табылғаны жөнінде хабарлаған.

«Аталған оқиға бойынша тергеу тобы барып, қарау кезінде ұшқышсыз ұшатын құрылғының бөлшектері табылды. Қазіргі уақытта оқиға орны қоршауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі уәкілетті қызметтермен бірлесіп, тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жеткізді. Нысан елді мекеннен алыс жерден табылған.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Бұл – Батыс Қазақстан облысында болған үшінші оқиға. Бұдан бұрын 18 ақпанда Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы маңында ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас құрылғы құлаған еді. Осындай жағдай 18 наурызда Тасқала ауданында қайталанды.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді

.

«Әкеміз қашан келеді?»: Ақтауда көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Ербол Айтуов

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Оразалы Ержанов