USD
USD
USD

БҚО-да сот-медицина сарапшысы 20 жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеген

БҚО бойынша сот сараптамалары институтының бұрынғы сот-медицина сарапшысы Батырбек Мендіәлиев жұмысқа орналасқан кезде жалған диплом көрсеткен деген күдікке ілінді. Ол сот-медициналық сарапшы қызметінде 20 жылдан астам еңбек еткен.

Сот-медициналық сарапшы
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде 17 маусымда баспасөз мәслихатында адвокаттар Әділбек Қисамбаев пен Тамара Сәрсенова мәлімдеді, деп жазады «Уральская неделя» басылымы.

Адвокаттар Мендіәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы («Ресми құжатты қолдан жасау») бойынша іс тергеліп жатқан болуы мүмкін деген байлам жасап отыр. 

Оның дипломына қатысты күмән медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің тізімдерін зерттеу кезінде туындаған. 

Тамара Сәрсенованың айтуынша, аталған құжаттардың ешқайсысында Меңдіәлиев жөнінде мәлімет кездеспеген. Тексеру нәтижесінде оның дипломда көрсетілген оқу орнын тәмамдамағаны және ресми түрде диплом алмағаны анықталған.

Адвокат Әділбек Қисамбаев осы мәселе бойынша БҚО бойынша сот сараптамалары институтына сауал жолдаған. Институттан келген жауапта Меңдіәлиевтің жұмысқа қабылдану кезінде жалған диплом пайдаланғаны үшін биыл 18 мамырда қызметтен босатылғаны айтылған. 

Адвокаттар енді Мендіәлиевтің сараптамалық қорытындылары пайдаланылған қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерінің заңдылығы күмән тудыруы мүмкін екенін айтады. 

Ал полиция қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге болмайтынын алға тартқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша