USD
USD
USD

БҚО-да шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облысында ірі шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы жергілікті «Орал апталығы» басылымы хабарлады.

.
Фото: Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Астана, NEGE. Жәбірленушінің әкесі 2 қаңтарда 57 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызын алдап, оны зорлағанын айтты.

Әкесі полицияға арыз бергеннен кейін күдікті ұсталды.

«Ол кінәсін мойындады, қызым оны таныды. Алайда полиция оны үйіне жібере салды. Осыдан кейін ол маған қоқан-лоқы көрсете бастады», – деді қыздың әкесі.

Оның айтуынша, Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері істі тергеуге құлық танытпай отыр.

«Біз қарапайым адамдармыз. Жақында әрең дегенде ақша жинап, адвокат жалдадық. Ал күдіктінің мүмкіндіктеріне қалай қарсы тұрамыз? Іс жабылып қала ма деп қорқамын», – деді ол.

Қылмыстық іс Шыңғырлау ауданының полиция бөлімі тарапынан Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркеліп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицияның мәліметінше, күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі тергеу әрекеттерінің толық кешені аяқталғаннан кейін қаралады.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция