USD
USD
USD

БҚО-да әйел адам күйеуін тапсырыспен өлтіртпек болған

Жедел іс-шаралар барысында БҚО-да полиция тапсырыспен кісі өлтіруді тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл түрде әрекет етіп, қылмысқа жол бермеді. Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен БҚО-ның екі тұрғыны ұсталды.

Қылмысқа тапсырыс беруші күйеуімен мүлікті бөліскісі келмейтін әйел екені анықталды. ​Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.

Күдіктілер ұсталды, соттың санкциясымен оларға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік