USD
USD
USD

БҚО-да полиция қызметкерлеріне 30 жаңа көліктің кілті табыс етілді

Орал қаласындағы Жеңіс алаңында Конституцияның 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Қ
Фото: БҚО ПД

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлерін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, Ата заңның еліміз үшін маңыздылығын атап көрсетті.

Содан кейін ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғысхаттар мен грамоталар табыс етілді.

БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан төсбелгілер, алғыс хаттар мен грамоталар тапсырды. Бірқатар қызметкер департамент бастығының бұйрығымен марапатталды.

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімдеріне 30 жаңа қызметтік автокөліктің кілті берілді.
Салтанатты жағдайда жас полиция қызметкерлері әріптестерінің алдында Отанға және халыққа адал қызмет етуге ант берді.

Іс-шара Орал гарнизоны полициясының салтанатты шеруімен аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат