Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлвқ
Фото: ІІМ

Алматы, NEGE. 2024 жылдың қараша айынан 2025 жылдың 13 маусымына дейінгі аралықта күдіктілер қыстақтар маңындағы еркін жайылымнан 49 бас ірі қара малды ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 20 миллион теңге.

Олардың мал ұрлығымен байланысты төрт дерекке қатысы бар екені анықталды. Аталған факті бойынша төрт күдікті ұсталды.

Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, биылғы жылдың жеті айында республика аумағында мал ұрлығымен айналысқан 55 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Соңғы бес жылда бұл қылмыс түрінің деңгейі 59,2%-ға төмендеген.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат