Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

БҚО-да қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді анықтау бойынша профилактикалық, алдын алу, сондай-ақ жедел іс-шаралар кешенін жүргізеді.

Сот үкімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мәселен, Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Ташенбаевқа, оның қарамағындағы – бас маман Н.Ғатауға және «Алиханстройпроект» ЖШС директорының орынбасары А. Купбаевқа қатысты үкім шығарды. Тәшенбаев аз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер салу бойынша эскиздік жобаларды келіскені және сауда-саттықсыз жер учаскесін заңсыз беру жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Купбаевтан жалпы сомасы 1,5 млн теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ғатау жер учаскесін іріктеу актісін келіскені үшін Купбаевтан 500 мың теңге сомасында пара алғаны және мемлекеттік қызметтер порталына құрылыссыз жер учаскесін кеңейту туралы құжаттарды заңсыз енгізу жолымен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Тәшенбаев пен Ғатау тиісінше 7 және 3,5 жылға, ал пара беруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған. 

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

үгіт-насихат

Павлодар облысында алғаш боп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Сайлау туралы заң

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын