USD
USD
USD

БҚО-да ипотекамен үй алуға көмектесемін деп уәде берген күдікті әйел ұсталды

БҚО-да ипотекамен тұрғын үй алуға көмектесемін деп уәде берген күдікті әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтарды алдап келген 34 жастағы күдікті әйелді ұстады. Ол бұған дейін банк саласында жұмыс істеген және тұрғындарға ипотекалық несие рәсімдеуге, тұрғын үй мен автокөлік сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, олардың ақшасын иемденген деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты алаяқтықтың 12 фактісі анықталды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Келтірілген жалпы материалдық залалдың көлемі 50 млн теңгеден асады. Белгілі болғандай, жәбірленушілердің басым бөлігі – қаладағы жеке кәсіпкерлер. Кейбір жағдайларда күдікті автокөлік сатып алуға жәрдемдесемін деп алдап, азаматтардың қаражатын иемденген. Ең ірі эпизод облыс аудандарының бірінің тұрғынына қатысты: ол ипотека рәсімдеуге көмек көрсетемін деген желеумен күдіктіге 23 млн теңгеден астам қаражат берген.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек