USD
USD
USD

БҚО-да есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасын жапсырған ағайынды жігіттер ұсталды

БҚО-да полиция қызметкерлері есірткі сататын интернет-дүкендердің жарнамасын жапсырумен айналысқан ағайынды жігіттерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ақсай қаласының тұрғындары Бөрлі аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласып, белгісіз екі жігіттің қандай да бір жарнаманы жапсырып жүргенін байқап, хабар береді. Ақпарат түскен бойда ЖБО бейнебақылау камералары бойынша олардың қозғалыс бағыты анықталды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, екі жас жігітті қолға түсіреді. Жеке тексеру кезінде олардың біреуінен есірткі сататын интернет-дүкеннің жарнамасы бар 52 жапсырма табылып, тәркіленді. Сондай-ақ ұсталған адамның телефонынан интернет-дүкеннің жарнамасы бар фото есептермен бірге хабарламалар табылды.

Ұсталған азаматтар Орал қаласында тұратын ағайындылар екені белгілі болды. Анықталғанындай үлкен ағасы телеграмм желісі арқылы есірткі сататын интернет-дүкенге жұмысқа орналасқан және оған жарналамау қызметін жүргізу жүктелген.

Ол интернет-дүкеннің жарнамасы бар 800 жапсырмаға тапсырыс беріп және оны басып шығарады. Сол күні інісімен бірге Ақсай қаласына келеді. Жарнаманы Ақсай қаласындағы қоғамдық жерлерде жапсырған. Үлкен ағасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов