USD
USD
USD

БҚО-да бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды

БҚО-да Орал – Атырау тас жолында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. БҚО Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылы маңында Орал – Атырау автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Accent көлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 31 жастағы ер адам болған.

Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттары жоқ бекіре тұқымдас (стерлядь) 10 балық анықталды. Сонымен қатар арнайы ау және балық аулауға арналған қармақтар тәркіленді. Қызыл кітапқа енген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Келтірілген залал көлемі анықталу үстінде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалымдар сүйекке арналған отандық импланттар әзірлеп жатыр

Имплант

Мемлекеттен 350 млн теңге алып, өндіріс ашпаған: Астанада алаяқтық әшкереленді

Адам ұрлау

1,6 млрд теңгелік тендерді құжатсыз өткізбек болған шенеунік сөгіспен құтылды

Шенеунік

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

мұнай