USD
USD
USD

БҚО-да ауыл тұрғынынан ақбөкеннің 226 мүйізі тәркіленді

БҚО-да полиция ауыл тұрғынынан 226 ақбөкен мүйізін тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. БҚО ПД Казталов аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ақбөкендердің мүйіздерін тапты.

Казталов ауданы тұрғынының гаражын тінту барысында полицейлер ақбөкеннің 226 мүйізін тауып, тәркіледі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі бойынша 10-20 мамыр аралығында 103 қылмыс анықталды. Тыйым салынған заттарды алып жүргені және сақтағаны үшін 88 азамат ұсталды, олардан 13 атыс қаруы, 4 есірткі заты, 5 оқ-дәрі және 64 жаншып-кескіш құралдары тәркіленді. Детоксикация орталығына қоғамдық орындардан 366 азамат оқшауланды, қабылдау-тарату орнына белгілі тұрғылықты жері жоқ 45 адам жеткізілді, сондай-ақ бейімдеу орталықтарына 8 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.

Аталған іс-шара барысында 5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 435 ұсақ бұзақылық, 491 ішімдік ішу және қоғамдық орында мас күйде жүру. Сондай-ақ, көлік құралдарын масаң күйде басқарған 73 жүргізуші ұсталды.

Қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жүргізілген тексеру нәтижесін жариялады

Нурлан Сабуров

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жауапты болған Наиль Нұров қамауға алынды

Наиль Нұров

Астананың жылу, электр және су желілері 4,5 млрд теңгеден астам қаржыға жаңартылмақ

Жөндеу жұмысы

«Челсиге» ауысатын Дастан Сәтпаев 17 маусымда «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді

Дастан Сәтпаев