USD
USD
USD

БҚО-да 67 жастағы әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Орал қаласында полиция қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні анықтап, қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қылмыскерді анықтауға оқиға орнында табылған саусақ ізі көмектесті. Оқиға болған жерді мұқият тексеру барысында криминалист маман үйден саусақ ізі қалған әйнек сынығын тауып, тәркіледі. Одан әрі деректер базасында бірдей саусақ ізін анықтау үшін салыстырмалы талдау жүргізілді.

Тексеру барысында алынған саусақ іздері кімге тиесілі екендігі анықталды. Ол қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салар болсақ, 31 шілде күні Орал қаласындағы жер үйлердің бірінен 1957 жылы туған әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылған болатын. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және Орал қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері дереу жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК