БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген бұрынғы шенеунік көз жұмды
16 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деп күдікке ілінген Шыңғырлау ауданы әкімдігінің бұрынғы қызметкері облыстық ауруханада қайтыс болды.
Астана, NEGE. Бұл ақпаратты полиция департаменті растады.
«Бұл факт бойынша мынаны хабарлаймыз: 2026 жылғы 25 ақпанда күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды.
2026 жылғы 11 наурызда күдікті денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты Орал қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Диагнозы: бауырдың уытты зақымдануы, бауыр некрозы, инсулинге тәуелсіз қант диабеті (кетоацидозбен).
16 наурызда сағат 18:10-да ер адам есін жимастан қайтыс болды», – деп облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ полиция өкілдері өлім фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізілуде.
Еске салсақ, бұған дейін 58 жастағы экс-шенеунік Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғынын зорлады деп күдікке ілінгенін жазған едік. Ол қыздың әкесінің арызынан кейін қамауға алынған. Әкесі сол кезде күдікті кінәсін мойындаса да, «полицейлер оны жібере салды, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері істі тергеуге құлық танытпай отыр» деп шағымданған еді. Кейін бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, арыз тіркелген соң шенеунік атқарып отырған қызметінен босатылған. Сондай-ақ полицейлер оның қамауға алынғанын хабарлаған.
Қазір оқып жатыр
Трамп жақын арада Макронның Франция президенті қызметінен кететінін айтты
Қазақстанда мәдениет және ақпарат саласындағы 20-дан астам заңға өзгеріс енгізілмек
Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады
Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан