USD
USD
USD

БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 31 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.

Ұсталды
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдіктінің әлеуметтік желілер арқылы адамдармен танысып, түрлі сылтаулармен, соның ішінде басқа оқу орындарына ауыстыруға көмектесемін және жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, азаматтардың ақшасын алдап алғаны анықталды.

Оның әрекетінен Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 млн 400 мың теңге. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталып, Орал қаласына жеткізілді және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның Қазақстанның басқа өңірлерінде осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек