USD
USD
USD

Іскер әйелдердің саны ерлермен тең түсіп отыр

Павлодардағы кәсіпкерлік нысан басшыларының 49%-ы - әйелдер. Облыста 42 мыңға жуық шағын және орта бизнес нысандары бар. Оның 19 мыңының тізгіні әйелдердің қолында. Іскер әйелдер кеңесінің басшысы Аурика Дяктің айтуынша, кәсіппен айналысатындар өз ісін ілгерілетіп қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілікті де естен шығармайды

Іскер әйелдердің саны ерлермен тең түсіп отыр
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматы, NEGE. «Бизнесвумендердің арасында тұрақты түрде демеушілік көрсетіп, әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға қол ұшын созатындар көп. Мысалы, пандемия кезінде кейбіреулері бағытын өзгертіп, медициналық маскалар тігуге кірісті. Олардың басым бөлігін тұрғындарға тегін үлестірді», – дейді Аурика Дяк. «Көшбасшы әйелдер мектебінде» кәсіппен айналысып жүрген нәзік жандыларға түрлі бағытта дәріс оқылады. Ал көпбалалы аналардың кәсіби дағдыларды меңгеруі үшін «Жәрдем» жобасы сәтті жүзеге асуда. Осы уақытқа дейін дәл осы жобадан өткен көпбалалы аналардың бірі балаларға арналған орталық ашты. Ал тоғыз әйел ұзақ уақыттан кейін жұмысқа орналасты. Кәсіпкер әйелдер проблемалардың барын да бүгіп қалмады. Қалалықтар монополисттерден техникалық құжаттар алу кезінде қиындықтардың туындайтынын алға тартса, ауылдықтар қаржының жоқтығы жиі қолбайлау болатынын айтты. Сондықтан елді мекендерге бизнес ашуға ниетті әйелдерге арналған мемлекеттік гранттар беруді ұсынды. Бұл ұсынысты жергілікті билік жан-жақты саралайтын болды.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер