Бизнес-омбудсмен: Ұлттық компаниялар Тоқаевтың жолдауын орындауға құлықсыз
Алматы, NEGE. «Президент 1 қыркүйектегі жолдауында меммүлікті жалға алушыларды ғана емес, квазимемсекторына тиесілі жылжымайтын мүлікті жалға алушыларды да жалдау ақысынан босатуды тапсырды. Бұл жерде түрлі айла-шарғы басталуы мүмкін екенін түсінген біз ірі квазикомпанияларға мемлекет басшысының тапсырмасын орындап, ШОБ –ты (шағын және орта бизнес – ҚазТАГ) 20 маусымнан бастап жалдау ақысынан босату туралы өтініш жасадық. Жауаптар әр түрлі болды. Егер бір ұлттық компаниялар (мәселен, «Самұрық-Қазына» АҚ) бизнесті жалдау ақысынан босатып, тиісті ішкі нормативті актілерді жедел түрде бекітсе, кейбірі президенттің жолдауы –НҚА (нормативті-құқықтық акт- ҚазТАГ) емес деп санап, тиісінше оны орындаудың керегі жоқ деген жауап қатты», - деп мәлімдеді бейсенбіде бизнес-омбудсмен аппараты басшысының МА Шыңғыс Темір.
Оның айтуынша, «квазимемсектордан белгілі-бір аумақты жалға алып отырған басқарушы компаниялар өзінің субжалға алушыларын жалға алу ақысынан босатудан бас тартқан» жағдайлар да кездескен.
«Қазір біз осы жайттар бойынша нақты материалдар дайындап жатырмыз және жақын арада мәселені реттеуге мүдделіміз», - деді Темір.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда ШОБ мемлекеттік мүлікті жалға алу ақысынан тағы да босатты, бұл жолы 2020 жылдың соңына дейін.