USD
USD
USD

Бизнесмен Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды

Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы кәсіпкер Instagram парақшасында мәлімдеді.

Бизнесмен Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол өз жазбасын «Мен Қазақстаннанмын!» деп бастады.

«Қазақстанда маған ұнайтын өзгерістер жүріп жатыр, ең жылдам цифрлық трансформация жүріп жатыр, бұл бізге холдинг командасымен әлемдегі ең озық финтек өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Мен Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Қазақстан өзінің бейбітсүйгіш, қонақжай саясатының арқасында жаңа, бай, тиімді, әділ мемлекет құра алатынына сенемін. Соған кәсіпкер ретінде өз үлесімді қоса аламын деп сенемін», – деп жазды Турлов.

Кәсіпкер қазақ тілін үйренуді де жоспарлап отырғанын атап өтті. Тимур Турлов 2022 жылдың мамырында Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы жетінші ең бай бизнесмен атанды.  Оның байлығы 2,2 миллиард долларға бағаланады.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция