27 Тамыз 15:55
...

«Бизнеске арналған үкімет» сервисі іске қосылды

Фото:

 Шағын және орта бизнес дамыған елдер экономикасының 50%-ін құрайды. Біздің елде де кәсіпкерлік саласын дамыту үшін Үкіметтен қолдау бар.

Алматы, NEGE. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тың жобаны қолға алды. Бұдан былай шағын және орта бизнес өкілдері үшін «Бизнеске арналған үкімет» сервисі жұмыс істейді. Бұл жоба Қажым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды. Бірыңғай кеңседе бизнесті дамыту үшін барлық мүмкіндік қарастырылған әрі кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді. Тіпті коммуналдық қызмет саласының өкілдері де осында орналасады. Мұнда 25 түрлі қызмет көрсетіледі. Оның 8-і мемлекет тарапынан берілетін рұқсат құжаттары. Банктер мен несие беру ұйымдары да осы жерде орналасады. Бүгінде кеңседе 25 мекеменің өкілі жұмысын бастап кетті. Алдағы уақытта сұраныс бойынша кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істейтін басқа да мекеменің өкілдері келуі мүмкін. 

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалының директорыТимур Нақыпбеков: "Кәсіпкерлер үшін жер қатынастары, архитектура – ең көп сұранысқа ие қызмет түрлері. Және де монополистер су, газ, энергия тарататын монополистер қыметінің өкілдері. Мәселен кәсіпкерлер өздерінің бизнес идеясымен келетін болса, осы жерде оған қажетті барлық жағдай жасалады. Тіпті қаржы институттары, яғни несие беру ұйымдары да осы жерде орналасатын болады", - деді. 

Тегтер: