«Бизнеске жол» жобасы аясында 36 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі негізде бизнесті қорғау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Алматы, NEGE. Аталған бағыт шеңберінде «Бизнеске жол» жобасы іске асуда. Бұл жоба шағын және орта бизнестің нақты мәселелерін шешуге бағытталған.
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға байланысты мәселелер бойынша бизнес-қоғамдастықпен тұрақты кездесулер өткізіледі.
Жобаны іске асыру басталғаннан бері 36 420 кәсіпкердің, оның ішінде 2024 жылдың басынан бастап 7 420 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Бизнес субъектілерімен 12 мыңға жуықтергеу әрекетін жүргізу туралы барлығы 1 929 қорытынды қаралды.
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Заң бойынша бұндай заңсыз әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
2023 жылдан бастап осындай фактілер бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 7-ізаңсыз іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқарған.
Мысалы, 2024 жылдың сәуір айында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін елордалық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ол мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы заңсыз хабарлама енгізген. Нәтижесінде басқа ұйым жеңімпаз деп танылды. Кәсіпкер лауазымды тұлғаның бұл әрекеттеріне сотқа шағымданған.
Лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралып, 184 600 теңге (50 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.
Қазір оқып жатыр
«Псевдо ұлт деу – артық»: депутат Танакөз ақынның жазбасы жайлы
«Ертең мың адам тағы барады»: Депутат шетелде соғысқан қазақстандықтарға жазаны жеңілдетуге қарсы
Ескертуді елеместен Таяу Шығысқа кеткен қазақстандықтар жауапқа тартыла ма?
Маңғыстаулық Ұлы Отан соғысының ардагері бейбітшілікті бағалап, болашақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды