Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бізде «шаңсорғыш» ЖОО-лар да бар екен

Білім министрлігі «шаңсорғыш» ЖОО-ларды атады. Халық арасында «шаңсорғыш» атанған университеттердің лицензияларын қайтарып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова айтты. 

Бізде «шаңсорғыш» ЖОО-лар да бар екен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрліктің Facebook-парақшасында өткен онлайн-брифинг барысында ол соңғы уақытта кейбір жоғары оқу орындары неліктен «шаңсорғыш» атанып кеткендігіне тоқталды. «Себебі, бұл ЖОО-ларға басқа ЖОО-лардан немесе шетелдік ЖОО-лардан ауысып келіп жатқан студенттер өте көп. Мұндай университеттердің қатарында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті мен басқа ЖОО-лар бар. Бұл ретте, министрлік өз тарапынан мұндай ЖОО-лармен күресуді көздеп отыр. Осы жылы Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет сот шешімімен лицензиясынан айырылды.

Бүгінгі таңда 2 ЖОО-ның лицензиясы уақытша тоқтатылды. Ол - Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы және Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы»,- деді ол. Комитет төрайымы кейбір жоғары оқу орындары лицензияларының қосымшаларынан айырылғанын айтады. «Мысалы, Сырдария университеті. 4 ЖОО өз тарапынан кейбір лицензияларының қосымшаларын қайтарды. Себебі профессорлық-оқытушылық құрамы жетіспейді немесе материалдық-техникалық базасы сәйкес келмейді. Ал Талдықорғандағы Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы осы оқу жылы аяқталған соң, өз еркімен лицензиясын қайтарады», - деді Гүлзат Көбенова.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді