USD
USD
USD

Bitcoin тағы қымбаттады

  Криптовалюта нарығында биткоин бірден 10 процентке қымбаттап, құны 40 мың АҚШ доллардан да асып түсті.

Bitcoin тағы қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол желтоқсанның екінші жартысында алғаш рет 20 мың долларды бағындырып, өсім көрсеткен. Содан бері тұрақты түрде жоғарылап келеді. Бұл жұрттың криптовалютаға деген қызығушылығын арттырып, сұранысын көбейтті. Отандық экономист Мақсат Халықтың айтуынша, осы үрдіс жылдың алғашқы бөлігінде де сақталуы мүмкін. Ал екінші жартысында қайтадан құлдырауы ғажап емес. Яғни құны тез қымбаттап, тез арзандайды. Сондықтан бір сәтте пайда табуың да тақырға отыруың да мүмкін.

Экономист Мақсат Халық: "Негізінен артық ақшаңыз болмаса, үйіңізді сатудың қажеті жоқ. Мысалға, өзіңіздің бір жинақтарыңыздың инвестиция үшін деп арнаған ақшаңыз болады. Сондай ақшаңызды жұмсауыңызға болады. Өйткені бірден көтеріліп, бірден құлауы өте тез. Ол жерде сіз бірден ақша тауып алуыңыз мүмкін. Тәуекел өте жоғары немесе сіз бірден өз ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан да барыңызды сатып тәуекелге баратын жер емес", – дейді.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы