USD
USD
USD

Бишімбаевтың соты: Журналистер сот залынан шығарылды

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Бишімбаевтың соты
Фото: Жоғары сот

Алматы, NEGE. Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында судья журналистерді сот залынан шығарып, алқабилер түсірілген барлық фото және бейнематериалдарды алып тастауды бұйырды. 

«Бұқаралық ақпарат құралдарына алқабилерді фотоға және видео түсіруге тыйым салынды. БАҚ өкілдеріне де осы талаптарды орындамағаны үшін жауапкершілік бары ескертілген еді. Соттың тыйымына қарамастан, 9 сәуірде сот отырысынан кейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде алқабилердің фотолары мен видеолары пайда болды», - деді сот отырысында судья Айжан Құлбаева.

Сот алдын ала сот отырысында алқабилердің жүзін көрсетуге тыйым салды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері іс барысын сот ғимаратындағы арнайы бөлмеде немесе әлеуметтік желі арқылы онлайн трансляциядан көре алады. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар