USD
USD
USD

Бишімбаевтың соты: Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен

Астана қаласының Полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. 

Айжан Құлбаева
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен. Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі Іс жүргізу басталды.

«Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды. Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескертеміз. Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетін болады», - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Бурабайдағы демалыс базасында өрт шықты

Бурабайдағы қонақ үйдегі өрт

Бектенов Конституциялық сот шешімін «инвесторлар үшін игілікті қадам» деп атады

Олжас Бектенов

Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Сәрсемәлиев, Мұқанғалиева

«Қордай» бекетінде шетел азаматы 350 мың долларды заңсыз өткізбек болған

декларацияланбаған ақша