USD
USD
USD

Бишімбаевтың соты: Прокурорлар сот отырысынан кейін әлеуметтік желілерде пікір білдіруге тыйым салуды сұрады

Бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасуда.

Прокурорлар
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Сот отырысы барысында прокурорлар әлеуметтік желідегі жарияланымдарға қатысты мәлімдеме жасады.

«29 наурызда сот отырысы аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде соттың өтуіне қатысты жеке пікірлерді білдіретін жазбалар жарияланды. Бұл жағдай сот талқылауының қалыпты өтуіне кедергі келтіреді және алқабилерге кері әсерін тигізіп, теріс пікір туындатуы мүмкін. Құрметті сот, процеске қатысушылардың барлығына қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын сақтауға міндеттеуіңізді және процеске қатысушылардың қарсылықтарын, сот талқылауы шеңберіндегі мәлімдемелерін, жеке пікірлерін әлеуметтік желі платформасында емес, сот барысында білдіруін сұраймын», – деді прокурор. 

Процеске қатысушылардың барлығы прокурордың өтінішін қолдады.

Айта кететін жайт, сот қылмыстық қудалау органы емес, ол айыптаушы тарапқа да, қорғаушы тарапқа да болыспайды. Сот отырысынан кейін жарияланған барлық жазбаларды Сот сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде қарастыруы мүмкін және осыған байланысты процеске қатысушылардың барлығына мұндай әрекеттерден бас тартуды және сот отырысы залында өз құқықтарын пайдалануды ұсынамын», – деді судья Айжан Құлбаева.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар