USD
USD
USD

Бишімбаевтың ісімен танылған прокурор Айжан Аймағанова Құрылтайға үміткер атанды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова Құрылтай депутаттығына ұсынылды. Оның есімі «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінде бекітілген партиялық тізімге енген.

.
Фото: Айжан Аймағанованың жеке парақшасынан

Астана, NEGE. «Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінде Құрылтай депутаттығына 186 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді. Ұсынылған кандидаттардың қатарында прокурор Айжан Аймағанова да бар.

Партиялық тізімде бұдан бөлек Ерлан Қарин, Асхат Аймағамбетов, Мұрат Әбенов, Бағдат Мусин, Динара Зәкиева, Геннадий Зенченко, Әділ Балтабаев және басқа да қоғам қайраткерлері мен түрлі сала өкілдері бар.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, партиялық тізімге кәсіби біліктілігі жоғары, қоғамда абыройлы азаматтар енгізілген. Оның сөзінше, бұл білікті топ алдағы сайлау науқанында партияның бағдарламасын таныстырып, Құрылтайда партияның ұстанымын білдіруге дайын.

Айта кетейік, Айжан Аймағанова қоғамға экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы болғаннан кейін танылды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы