USD
USD
USD

Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді

2025 жылғы 9 шілдеде Степногор аудандық сотына Бақытжан Байжанов Амнистия туралы заңға сәйкес жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішпен жүгінді.

Бақытжан Байжанов
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.

«Степногор аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаның мерзімін қысқарту жөнінде өтінішпен жүгінген. Аталған өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ», –  делінген хабарламада.

Еске салайық, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылған. Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы – «Қылмысты жасыру» бойынша айыпталып, 4 жылға қамалған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда әлеуметтік желілерді пайдалануға жаңа шектеулер енгізілмек

әлеуметтік желілер

Арман Қырықбаев 274-бапты жеңілдету мәселесіне пікір білдірді

.

Көңілдесіне Cartier немесе отбасымен демалыс: министр шенеунікті қай кезде рұқсатсыз фото-видеоға түсіруге болатынын түсіндірді

Арман Қырықбаев

Депутат әлеуметтік желіде балағат сөз айтқандарға ірі көлемде айыппұл салуды ұсынды

Гүлзира Атамбаева