USD
USD
USD

Бишімбаевтың анасы сотта алғаш рет өз ойын айтты

Бүгін сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары ресейлік мамандардың қорытындысын дәлел ретінде сотта оқып беруді сұрады.

Бишімбаевтың соты
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Қорғаушылардың өтінішіне Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева да қосылып, өз ойын айтты. Ол ұлының азаматтық қорғаушысы.

Альмира Бишімбаева өзін ана ретінде түсінуді және ұлына өзін толықтай қорғауға мүмкіндік беруін сұрады. 

«Мен қазір тыңдап отырмын. Әрине, заңгер емеспін, бірақ сіз мәскеулік маманның тұжырымын қабылдамасаңыз, баламның конституциялық құқығы бұзылған болады.  Ол өзін қорғауы және өз дәлелдерін келтіруі тиіс деп есептеймін. Сондықтан соттан, прокурорлардан, жәбірленушілерден мені ана ретінде түсінулерін сұраймын», - деді Қуандық Бишімбаевтың анасы.

Судья Айжан Құлбаева мәскеулік мамандардың қазақстандық сот сарапшысы Тахир Халимназаровтың қорытындысымен сәйкес келмейтін қорытындысын оқуға рұқсат берді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.