USD
USD
USD

Бишімбаевтың адвокаттары сотты жаңылыстырды

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Бишімбаевтың ісі
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Сот барысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы сотты және процеске қатысушыларды жаңылыстырды. 

Экс-министрдің қорғаушысы Назкен Құсайынова іс-материалдарында бар қылмыс күні ерлі-зайыптылар отырған «БАУ» мейрамханасының VIP бөлмесінің фотосуреттерін көрсетуді сұрады.

Судья өтінішті қанағаттандырды, бірақ жәбірленушілердің адвокаты Жанна Уразбахова фотосуреттердің іс материалдарында жоқ екенін атап өтті. Олар сотта көрсеткен сурет 2024 жылдың 28 наурызында түсірілген болып шықты. 

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың адвокаттарына сотты жаңылыстырғаны үшін сөгіс жариялап, кейінірек шара қолдануға уәде берді. Сонымен қатар  аталмыш фотосуреттерге бұдан былай сілтеме жасауға тыйым салды.

«Сот қорғаушы тарапқа ескерту жасайды. Сіздер бұл фотосуреттерді қылмыс болған жерді тексеру актісінен алынғанын айтып, сотты және процеске қатысушыларды жаңылыстырдыңыз. Іс жүзінде сіз басқа фотосуреттерді беріп тұрсыз. Сол себепті аталмыш фотосуреттерді жинап тастап, кестедегі сызбаға жүгіне аласыз.  Біз сотталушыдан жауап алуды жалғастырамыз. Ал сотты адастырғаныңыз үшін сот іс бойынша түпкілікті шешім қабылдағанда тиісті шара қолданады», - деді судья Айжан Құлбаева.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар