USD
USD
USD

Бишімбаевтың адвокаты судья Құлбаеваны жәбірленуші тарапқа жақтасты деп кінәлады

Елордалық сотта Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов ісі бойынша апелляциялық сотының бірінші отырысы басталды. Сотта алғашқылардың бірі болып Қ.Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сөз сөйледі.

Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Қорғаушы бірінші сатыдағы сот жасаған 20 бұзушылықты анықтап, апелляцияда көрсеткен. Адвокат алқабилер алқасын құру кезінде соттың кейбір кандидаттарға қарсылық білдіруін бірінші ауыр құқықбұзушылық деп атады.

Адвокаттың айтуынша, судья Айжан Құлбаева осы кезеңде жеке шешім қабылдаған. Ол үміткерлер арасынан шамамен айыпталушымен бірдей жасты балалары бар алқабилерді алып тастады.

«Судья өз еркімен шешім қабылдап, қайсысының сотталушымен жасты балалары бар екенін анықтай бастады және 20 үміткердің ішінен төртеуін шығарып тастады. Шығарылған үш үміткердің ұлдары бар еді. Осылайша, судья алқабилер алқасын құру тәртібін бұзбағанда және заң бойынша әрекет еткенде, осы 4 үміткердің ішінен біреу негізгі құрамға кіріп, дауыс берер еді. Үкім басқаша болуы мүмкін еді», – деді Е.Ғазымжанов.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.