USD
USD
USD

Алқабилер Бишімбаевтың адвокаты қойған сұраққа күліп жіберді (видео)

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот процесі өтіп жатыр. 

Бишімбаевтың соты
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысына жеке сот сарапшысы Тахир Халимназаров шақырылды. Ол Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттарға қатысты жауап берді. 

Процесс барысында сот сарапшысына Қуандық Бишімбаевтың адвокаты: «Травматикалық жарақаттардың санын анықтау кезінде қандай әдістерді немесе арнайы әдебиеттерді пайдаландыңыз? Мұндай қорытындыға келуіңізге себеп болған зерттеудің сипаттамасы неге жоқ?» деп сұрақ қойды.

Қойылған сұрақ алқабилердің күлкісін келтірді.

«Қанша жарақат болғанын есептеу үшін арнайы әдіс-тәсіл мен ғылыми әдебиеттің керегі жоқ», - деп жауап берді сот сарапшысы. 

Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасаған сарапшы Тахир Халимназаров бүгін сот залында марқұмның бет-жүзінде болған зақымдарды манекенге салып көрсетті. Оның айтуынша, Салтанат Нүкенованың басына жасалған соққылар бірге өлімге әкеп соққанын айтады. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж