Бишімбаевты ұстаған полиция қызметкерлері жауапқа тартылды
Қуандық Бишімбаевты қылмыс орнында ұстаған полиция қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Астана патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды.
«Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 19, 56-57-баптарына, сондай-ақ қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін Астана полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды», - делінген хабарламада.
Естеріңізде болса, Бишімбаевты ұстау кезінде полиция қызметкері: «Ол өзі мазасын алған шығар?» деп айтқан болатын. Оның барлығы видео-тіркеушіге түсіп қалған. Ашық сот отырысында көрсетілген видео қоғамды дүрліктірді. Осыдан кейін Астана қаласының полиция департаменті бұл факті бойынша қызметтік тексеру бастаған.
Қазір оқып жатыр
Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді
Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?
Жамбыл облысында төрт теміржолшының қазасына кінәлілерге үкім шықты
Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу қағидасы жаңартылды: не өзгерді?