USD
USD
USD

Бишімбаевқа қатысты келесі сот отырысы 29 наурызда өтеді

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті. 

Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Процесс ашық режимде өтті. БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке кабинет ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы Соттың YouTube арнасында барлығына көрсетілді. Бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланды.

Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.

Келесі сот отырысы 2024 жылдың 29 наурызы күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең алқабилер алқасын іріктеу рәсімі өтті. Сотқа келген 102 кандидаттың ішінен 12 алқаби (10 негізгі және 2 қосалқы) таңдалды. Іріктеу алқабилер алқасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы заң шектеулеріне байланысты жабық сот отырысында өтті.

Қазір оқып жатыр

Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді

«Әділет» партиясы

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында төрт теміржолшының қазасына кінәлілерге үкім шықты

сот үкімі

Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу қағидасы жаңартылды: не өзгерді?

МӘМС