USD
USD
USD

Бишімбаев көріпкелден НЕГЕ көмек сұрады?

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.  

Бишімбаев
Фото: Фото: из открытых источников

Астана, NEGE. Оқиға болған күні Бишімбаев көріпкелге телефон соғып, Салтанаттың оянбай жатқанын айтқан. Бұл туралы Қуандық Бишімбаев сотта қылмыс болған күннің оқиғасын баяндау барысында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, таңға жуық Нүкенованың бір жақ беті қатты ісіп кеткен. Бұл жағдай Бишімбаевты қатты алаңдатады. Сөйтіп, ол көріпкелге телефон соғып, Салтанаттың оянбай жатқанын, бетінің қатты көгеріп кеткенін айтқан. Көріпкел болса: «Алаңдауға негіз жоқ. Салтанат қатты шаршаған, оған аздап демалу керек», — дейді. 

«Осы сөздерді естігеннен кейін, көңілім тынышталды. Сосын оның тез өз-өзіне келуі үшін оқып беруін сұрадым», — деді Қуандық Бишімбаев.

Бишімбаевтың айтуынша, туысы Бақытжан Байжанов жедел жәрдем шақыруды ұсынған, бірақ ол көріпкелге сеніп, тағы біраз күтуді жөн көрген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж