USD
USD
USD

Қуандық Бишімбаев балаларына алимент төлеуден бас тартты

Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Каһарман YouTube арнасында мәлімдеді. 

Қуандық Бишімбаев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, ақша тұрақты түрде түспеген, ал балалардың демалысы, психологқа қаралуы және емдеу шығындары мүлдем жабылмаған.

«Былтыр балалардың демалысына да, психологтың қызметтері үшін де ешқандай ақша төленбеді. Бір жарым жыл ішінде әжептәуір ақша жиналып қалды. Біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы оның адвокаты Ғазымжанов мырзаға жібердім, бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектерге кеткен шығын жабылмады» - дейді Назым Қаһарман. 

Назым Каһарманның айтуынша, наурыздағы алимент төленбеген. Азды-көпті төлемдер былтыр қараша-желтоқсанда ғана түсе бастаған. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы Bau мейрамханасында экс-министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен ұсталған болатын.

Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның туысы Байжанов аса қауіпті қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр

Еркежан Шайхиева

2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды

Заңсыз субсидия

«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады

Баум тоғайында құлаған ағаш

Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін

Ресейге бензин жеткізу