USD
USD
USD

Бішкектегі қақтығыс кезінде 120-ға жуық адам жарақат алған

Өткен түнде Бішкекте ереуілшілер парламент пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратын басып алды.

Бішкектегі қақтығыс кезінде 120-ға жуық адам жарақат алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Наразылық шерулері кеше парламенттік сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін басталған еді. Бейбіт басталған шара кешке қарай қақтығысқа ұласты. Ереуілшілер парламент ғимараты алдындағы қоршауды бұзып өтпек болып, күзетшілерге тас лақтырған. Ал тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен резеңке оқ атып, шерушілерді күшпен таратып жіберді. Қақтығыс басталғаннан кейін алғашқы екі сағатта полиция шерушілерді орталық алаңнан ығыстыра алды. Осыдан кейін қақтығыстар іргелес көшелерде жалғасты. Біртіндеп ереуілшілер саны артып, тәртіп сақшылары шегіне бастады.

Мұны пайдаланған шерушілер парламент ғимаратына басып кіріп, президент кабинетінің тас талқанын шығарып, өрт қойды. Тағы бір топ Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратын басып алды. Күзетшілері айтарлықтай қарсылық көрсеткен жоқ. Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысынан елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев босатылды. Сондай-ақ бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков пен саясаткер Садыр Жапаров та бостандыққа шыққаны белгілі болды. Қақтығыстар кезінде жүз жиырмадай адам жарақат алды. Олардың тоқсаны ауруханаларға жеткізілді. Желіде Президент Сооронбай Жээнбеков елдің оңтүстігіне ұшып кетті деген мәлімет тарады. Алайда оның баспасөз хатшысы президент Бішкектен кетпегенін мәлімдеді. Айта кетейік, Сооронбай Жээнбеков бүгін саяси партия жетекшілерімен кездесуге уәде берген еді. Жақын арада Ала-Тоо алаңында Алмазбек Атамбаев халыққа үндеу жасайды деген ақпарат бар. Соңғы мәліметтерге қарағанда, шерушілер Ұлттық сенім үкіметін құруға ниетті. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері