USD
USD
USD

Бішкекте наразылар Ақ үйдің аумағына басып кірді

Куәгерлердің айтуынша, Жогорку Кенешке сайлау қорытындысына қарсы шыққандар парламент ғимаратының (Ақ үй) аумағына басып кірді, деп хабарлайды КАБАР агенттігі.

Бішкекте наразылар Ақ үйдің аумағына басып кірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүйсенбі күні таңертең парламентке өтпеген партиялардың жақтаушылары Бішкек орталығында митингке шықты. Акцияға қатысушылар сайлау қорытындыларымен келіскен жоқ. Елдің Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, «Шу даңғылымен қозғалып, Жогорку Кенеш ғимаратын қоршаған темір қақпаны сындыруға әрекеттенген митинг қатысушыларын арнайы техниканың көмегімен қууға тура келген.

Ал олар тас лақтырып, қақпадан өтпек болған». Алдын ала мәліметке қарағанда, жексенбі күні өткен дауыс беру қорытындылары бойынша 16 партияның ішінде парламентке төртеуі – «Бірімдік», «Мекенім Қырғызстан», «Қырғызстан» және «Бутун Қырғызстан» өткен. Қалғандары 7-пайыз дауыс жинай алмаған. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бішкекте жергілікті сағат 24.00-дегі жағдай бойынша митингіге қатысушыларды тарқату барысында зардап шеккен 122 адам ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, 4 қазанда өткен сайлау қорытындысына наразылық білдірген адамдар Ала-Тоо алаңына шығып, митинг өткізген болатын. Бұдан соң митингіге шыққандар Ақ үйді қоршап алды. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттік сайлауға қатысқан партия көшбасшыларымен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Ухнаагийн Хурэлсух, Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

Ернұр Алмахан

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері