USD
USD
USD

Бішкекте екі тәулікте үш рет мэр ауысты

Алатаудың арғы бетінде ауыс-түйіс тоқтамай тұр. Қырғыз астанасында соңғы 2 күнде 3 рет қала басшысы ауысты, деп хабарлады 24.kz

Бішкекте екі тәулікте үш рет мэр ауысты
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE.  Таяуда Бішкек мэрі міндетін атқарушы Балбақ Тулобаев отставкаға кететінін жариялады. Себеп денсаулық жағдайы. Оның орнына Эрмек Нурғазиев келген еді. Бірақ бір тәулікке жетпей ол да кетті. Өйткені Нұрғазиевтің бұрын мүлік дауына қатысы болғаны анықталды. Таңертең шаһар басшысы міндетін Шу облысының бұрынғы губернаторы Бақтыбек Құдайбергенов атқаратыны белгілі болды. Енді ол бұл қызметте көктемнің ортасына дейін жұмыс істейді. Сәуірдің он бірінде Бішкек парламентінде сайлау өтіп, кейін депутаттар Бішкектің жаңа мэрін таңдауы керек.

Бақыт Бакетаев, саясаттанушы:

- Бізде тайпалық жүйе қалыптасты деуге болады. Әрқайсысы өз өкілін билікке отырғызуға тырысады. Себебі билікте өз адамың болмай, біздің елде үлкен бизнес жүргізу мүмкін емес.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты