USD
USD
USD

Бишімбаевтың ісі БҰҰ сайтында жарияланды

Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бишімбаевтың ісі БҰҰ сайтында жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжіліс төрағасының орынбасары Бишімбаевтың ісі "Қазақстанның имиджіне әсер еткенін" атап өтті.

– Мен бұл оқиға жайлы ақпарат БҰҰ сайтында жарияланғанын білемін. Бірақ сенсеңіз, мұндай оқиға кез келген елде болуы мүмкін. Солай болды. Әрине, біз үшін, Орталық Азия әйелдерінің диалогына төрағалық ететін ел ретінде (БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылған Астанадағы конференция) бұл оқиғаның орын алғаны өкінішті. Мен қайғыра көңіл айтамын. Бұл оқиғаны әлеуметтік желілерде оқыған сайын жүрегім ауырады. Болмауы керек еді. Бүгін біз статистиканы келтіре отырып, әдетте зорлық-зомбылық тұрмысы нашар отбасыларда болады дейміз. Бірақ бұл жағдайда ауқатты отбасы, білімді адам... Өте қорқынышты. Мұндай жайт табиғатта мүлде болмауы керек еді, – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека